424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО көрмесі ел мерейін үстем етеді

  • 810

«ЭКСПО көрмесі Қазақстанның беделін еселеп арттырды». Бұл KBS халықаралық радиосының жүргізушісі Чан Лидің пікірі.

Оның айтуынша, бұл шара Қазақстан мен Кореяны жақындастырды, өйткені екі ел азаматтарының және үкімет мүшелерінің өзара сапарлары ұлғайған.

«Сонымен қатар Оңтүстік Корея үшін ЭКСПО көрмеcіне қатысу – әлемдегі баламалы қуат көздерін дамыту тәжірибесімен танысуға жақсы мүмкіндік», – дейді Чан. Өйткені мұнай мен табиғи газ қоры жоқ ел үшін бұл тақырып өте маңызды.

Чан Ли, радиожүргізуші:

- Менің ойымша, «ЭКСПО-2017» тек жағымды әсер, жаңашыл қадамдарымен ел есінде қалса керек. Ал оңтүстіккореялықтар үшін бұл ауқымы кең көрме Қазақстанға барып, жаһандық шараға қатысып, елді емін-еркін аралауға жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Әттеген-айы сол, Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы ақпарат аса көп емес.

Хабар 24 телеарнасы