428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО қонағы ОҚО-ның тарихи ескеркіштерін аралады

  • 737

ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік туристердің алды аймақтарды аралауға кірісіп кетті. Солардың бірі – сингапурлық журналист Сантош Кумар.

Ол әуелі еліміздің күнгейіне баруды жөн көріпті. Онда Түркістан, Отырар секілді көне шаһарларда болып, Арыстан баб кесенесіне аялдаған. Кейін облыс орталығы Шымкент қаласының көрікті орындарын аралады.

Алған әсері жайлы еліне оралған соң көлемді мақала әзірлемек ниетте. Ол Сингапурдағы 1,5 млн-ға жуық оқырманы бар The Straits Times газетінде 30 жылдан бері тілші болып қызмет етеді.  

Сантош Кумар, турист:

-Ежелгі Түркістан, Отырар қалаларындағы тарихи ескерткіштер өте жақсы сақталыпты. Енді сингапурлық оқырмандарды да осы Оңтүстік Қазақстандағы мәдени дүниелер жайлы өз мақаламда таныстырамын. Мені Шымкенттің шырайлылығы да таңқалдырды.

Хабар 24 телеарнасы