418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-дағы Малайзия павильоны Күн энергиясын көбірек өндіруге үндейді

  • 938

Бұл мемлекеттің өкілдері бүгін көрмеге келем деушілердің  назарына «1 пост – 1 ватт» деп аталатын жаңа байқау шарттарын таныстырып, жасыл технологияларды кеңінен насихаттауды ұсынды.

Баламалы қуат көзіне арналған үздік жарияланым авторына тегін билет беріледі. Ол үшін MyButterflyEffect хэштегімен әлеуметтік желіге жасыл энергетиканы насихаттайтын пост жазу керек. Сайыс малайзиялықтар үшін 10-шілдеде аяқталып, қазақстандықтар үшін 30-шілдеге дейін жалғасады. Үздік жарияланым авторына Астанаға келіп-қайту билеті беріліп, дүниежүзілік көрмені тамашалау мүмкіндігі ұсынылады. Айта кетейік, бірер күн бұрын ЭКСПО қалашығында Малайзия павильоны ашылды. Сол арқылы шағын мемлекеттің жасыл энергетика саласындағы тың технологиялары мен үздік бастамалары паш етілді. 

Лу Тук Ги, Малайзия павильоны комиссарының орынбасары:

- Біздің ел әлемдік деңгейде баламалы қуат көздерін дамытуға үлкен үлес қоса алады. MyButterflyEffect кампаниясы аясында жаһан жұртшылығын жаңартылған энергетикаға көп көңіл бөлуге шақырғымыз келеді. Үздік пост авторының билет шығындарын өтеп, ЭКСПО көрмесін тамашалауына мүмкіндік береміз.

Хабар 24 телеарнасы