427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-дағы қазақстандық павильон биомассаны қуат көзіне айналдырды

  • 1073

Биомасса да баламалы қуат көзі бола алады. ЭКСПО халықаралық көрмесіндегі ұлттық павильонымыздың 4 қабаты осы тақырыпқа арналды. Келушілерге жануарлар мен өсімдіктерден бөлінетін қалдықтарды қалай пайдаға жаратуға болатыны көрсетілді.

Мирлан Алтынбек, тілші: 

- ЭКСПО халықаралық көрмесіндегі Ұлттық павильонымыз «Нұр Әлемнің» 4-қабаты биомасса тақырыбына арналған. Биомасса қуаты бұл биологиялық заттардан алынатын органикалық материалдар. Мысалы балдырды ашыту арқылы қуат көзін өндіруге болады немесе ұлудан бөлінетін сұйықтықты құрылыс саласында желім ретінде пайдалануға болады. Мына мен тұрған зертханаға келушілер осы және өзге де қызықты тақырыптар туралы толығырақ мағлұмат алуға мүмкіндік алды.

Биоцемент ағаш қалдықтарынан электр қуатын өндіру мен судағы балдырларды қолдана отырып, ауадағы көмірқышқыл газ мөлшерін азайту технологиялары. Мұның бәрі бір сөзбен бактериалды биотехнология деп аталады. Биомасса жанғыш тақтатастар, уран, көмір, мұнай және табиғи газдан кейін қазіргі уақытта қол жетімдіэнергия көздерінің алтыншы қоры. Тікелей күн, жел, су және геотермалды энергиялардан кейін өнімділігі бойынша бесінші жаңартылатын қуат көзі. Жыл сайын жер бетінде шамамен 170 млрд тонна биомасса өндіріледі және шамамен сол мөлшер жойылады.

Әлемдік экономикада ең тез жаңартылатын биоресурс жылу, электр қуаты, биоотын, биогаз яғни метан мен сутегіні өндіру үшін пайдаланылады. Биомасса отынының 80 пайызы ең алдымен ағаш, үй жылыту және тамақ дайындау үшін қолданылады. Мынадай мониторлар арқылы келушілер шағын тест сұрақтарына жауап беріп, қуат көздері туралы мәлімет алды. Ал балалар сенсорлы еден үстінде тұрып, қол-аяқтарын қозғалту арқылы жан-жануар бейнесіндегі анимациялық кейіпкерлермен тілдесіп, табиғатқа бір табан жақындай түсті.  

Есқали Кенжебаев, көрмеге келуші:

- Алматыдан келіп отырмыз, биомассаға арналған павильон өте ұнап жатыр. Өзіме жақын, өйткені мен өзім кезінде ауылдан шыққанбыз. Павильон іші өте әдемі өрнектелген. Келушілер өте көп, бәріне ұнап жатыр деп ойлаймын.

Яосинь Ван, қытайлық турист:

- Павильон маған ұнады, өте ерекше әсерде тұрмын. Бәрі де заманауи стильде өрнектелген. Бұған дейін көптеген көрмелерді араладым, бірақ Астанадағы ЭКСПО өзінің ерекшелігімен мені тәнті етті. Әлі де бұл павильонның өзге де тақырыптарымен тезірек танысуға асықпын.

Еске салайық, «Нұр Әлем» павильонында бұған дейін таныстырылған бастапқы 3 қабат су, жел және кинетика тақырыптарын қамтыған еді. 

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы