426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франциялық журналист Қазақстанның мәдениетімен танысуды көздейді

  • 709

Париж тұрғындары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін Астанаға келуді жоспарлап отыр.

Бүгін елордаға жолға шыққан Францияның белгілі журналисі Катрин Верже Қазақстанға сапар жасауды бірнеше жылдан бері армандап жүр екен. Париждік әріптесіміз біздің ел туралы достарынан естіп, «ЭКСПО-ға» билетті көрме басталмас бұрын алып қойыпты. Еліміздің мәдениетімен танысу үшін Астанадан басқа Алматы, Шымкент қалаларына да баруды көздеп отыр. Катрин Қазақстанға сапары барысында көп достар табуға үмітті. Қазірдің өзінде таныстары бар екен.

Катрин Вержер, Францияның тілшісі:

- Көрменің ашылу салтанатын теледидардан көрдім. Сондай әсерлі болды. Астананың жаңа нышаны пайда болғандай. Міндетті түрде Қазақстанның, сондай-ақ Қытай, Үндістан және Еуропа елдерінің павильонын көріп шығамын. Алматы мен Шымкентке барып, достарыммен Қазақстанды аралап шығуды жоспарлап отырмын. Олар қазақ мәдениетімен және тілімен, салт-дәстүрімен танысуыма көмектеседі.

Арно Тишаду, қаржы саласының сарапшысы:

- Ірі сәулет ескерткіштері осындай көрмелердің арқасында пайда болып жатады. Мәселен, біздегі Эйфел мұнарасы. Париждің бас нышаны саналатын ескерткіш 1889 жылы өткен EXPO-ға арнайы салынған. Ол ел мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады. «Нұр әлемнің» де Астана символына айналатыны сөзсіз. Өйткені қазіргі заман технологияларды, транзит пен энергия көздерін дамытуды талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы