426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-дағы барселоналықтар өсімдіктен қуат өндіру жолын біледі

  • 935

ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі жетістіктерді паш ету алаңы секілді. Өнертапқыштар озық жобаларын жұрт назарына ұсынып, тіпті келісім-шарт жасасуға ұмтылып жүр. Біз көрермен назарына үздік тәжірибелер аймағынан материалдар ұсынуды бастаймыз. Бүгін био деп аталатын тәжірибемен таныс болыңыздар.

Біреу білер, біреу білмес. ЕХРО алаңында үздік тәжірибелер аймағы орналасқан. Онда жиырмадан астам таңдаулы жоба келушілер назарына ұсынылды. Біздер бүгін өсімдіктен қуат өндіруді ойлаған барселоналық талаптылардаң еңбегімен танысуды жөн көрдік.  Олар өсімдік жерден құнар алып ғана қоймай, күн сәулесімен қоректенетінін алға тартып, әлгі қуатты қайта өндіріп алудың жолын іздепті.

Динара Қанатқызы, көрме таныстырушысы:

 - Біз білеміз күн шөптерге түскенде ол оның тамырларына енеді және сонда электрон болып қалады. Бұл электрондар бактериямен араласады да бізге энергия береді, бұл технологияда тамырлардың астарында осындай панель болады. осы панельдер энергияны өзінде ұстайды да керек кезінде біз сол энергияны пайдалана аламыз. Мысалы, көріп тұрғаныңыздар осы энергия мында сақталған және де батырманы басқанда біз көре аламыз осы энергиядан қуат алған.

Динара Қанатқызы өндірілген энергия ұялы телефондарды қуаттауға жететінін айтады. Құтыдағы өсімдіктердің әрқайсысынан қуаттануға да мүмкіндік бар көрінеді.

Динара Қанатқызы, көрме таныстырушысы:

- Көріп тұрғанымыздай, тамырлардың астында орналасқан және осы тамырлардың астында тұрады да энергияны өзіне сіңіреді. 

Табиғатта тылсым көп дейміз. Өзге түсініктерді ірке тұрып, мына бір қағидаға мән берейікші. "Қуат жоғалмайды. Жойылып кетуі мүмкін емес. Екінші бір түрде көрініс береді",- дейді, ақтөбелік агроном Жарасқан Елеусізов.

Жарасқан Елеусізов, агроном:

- Күн түседі. Мынау жапыраққа түседі. Хлорофил арқылы выработка жасайды. Жерге анау ол арқылы энергия пайда болады. Сол арқылы. Балалар соны көрсеткісі келіп отырған щығар. Энергия ол жоғалмайды. Келген сәуле кетпейді де қайтып келеді. 

Авторлары: Амангелді Сейтханов, Бақтияр Рзаев

Хабар 24 телеарнасы