421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО-2017 халықаралық көрмеcінің алғашқы аптасы қорытындыланды

  • 765

Шараны оныншы маусымнан бері 205 561 адам тамашалады. Ал «Нұр әлем» сферасын аралағандардың саны 86 мыңнан асыпты.

Қытай, Біріккен араб әмірліктері, Жапония павильонына қызығушылар көп. «Қазіргі динамикаға қарасақ, көрме қонақтарының саны күн сайын артып келеді. Мысалы, алғашқы күні 17 мың адам келсе, өткен жұмада 34 мыңнан астам саяхатшыны қарса алдық», – дейді мамандар.

Алғашқы тоғыз күнде 280-нен астам ойын-сауық бағдарламасы, 50-ден астам хаттамалық іс-шара өткен. Павильондар кешкі 21.30-ға дейін жұмыс істейді.

Шара аясында ірі тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. Тек ксерокөшірме арқылы көбейтілген 170 билет тәркіленіпті. Тақырыптық шаралар да мерзіміне сай ұйымдастырылуда.

Бейбіт Қарымсақов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры:

-Бір қонағымыз бір күннің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәйкес осы уақытқа дейін көрмені 26 мыңнан астам шетел азаматы тамашалады. Ол барлық қонақтың 13 пайызын құрап отыр. Көрмеге 10 мыңнан астам 6 жасқа дейінгі бала, 2 мыңнан аса мүгедек пен ҰОС-ға қатысушы және соларға теңестірілген адамдар келді. 14 мыңнан астам оқушылар, студенттер және зейнеткерлер келді.

Хабар 24 телеарнасы