426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусьтан 3 мыңға жуық саяхатшы EXPO көрмесін тамашалауға келмек

  • 691

Бас қаламыз Астанада өтіп жатқан EXPO көрмесіне болжам бойынша Беларусьтан 3 мыңға жуық саяхатшы келмек.

Олар сапарды сәтті пайдаланып, дархан қазақ елінің тұмса табиғатымен көрікті жерлерін тамашалауды жоспарлаған. Беларусь туристерінің легі көрмедегі ұлттық күндері аясында байқалмақ. Ол 13 тамыз күніне белгіленген.

Ирина Макаревич, Минск тұрғыны:

– Көрмеде болашақ технологиясын ұсынатын барлық фирмалар бас қосады. Өте қызықты болытыны сөзсіз. Менің мамандығым – дизайнер. Демек адам игілігіне пайдаланылатын бірегей технологияларды өз көзіммен көргім келеді. Жаңашылдық арқылы біз қай бағытқа бет алғанымызды аңғаруға болады. Сондай-ақ  көрмеде жұлдыздарды кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, біз Қазақстанды жақсы көреміз.

Хабар 24 телеарнасы