378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭСКПО-дағы Нидерланд павильоны өткізген байқауда қазақстандық жоба жеңді

  • 581

ЭКСПО көрмесі аясындағы шаралар жалғасып жатыр. Нидерланд Корольдігі Ұлттық күнін атап өтті. Шараға қатысу үшін қызғалдақтар елінен экономика министрі Хенк Камп Астанаға арнайы келді.

Голландияның инновациялар байқауы. Қос елдің студенттері қатысқан шара Нидерланд Корольдігінің Ұлттық күнінде өз мәресіне жетті. Сәуірде басталған байқауға алты команда қатысуға ниет білдірген. Байқау шартына сәйкес әр топта Голландия мен Қазақстаннан міндетті түрде екі студент болуы керек. Ақтық сынға жолдама алған үш қоманда арасынан «Алматы қаласында суды қолданудың айналмалы жүйесін құру» жобасы жеңіске жетті.

Ермек Жұмаш, жоба авторы: 

- Біздің шешіміміз осы айналмалы суды қаматамасыз ету бойынша. Бір жағынан таза суды қолжетімді қылу. Екінші жағынан, жауын суын шаруашылыққа пайдалану.Басты айналмалы суды босқа кетірмей тиімді пайдалану.  

Нидерланд Корольдігінің Ұлттық күні қарсаңында Голландиядан арнайы қонақтар келді. Түрлі-түсті киім киген аниматорлар қонақтардың көңілін көтерді. Әсіресе, кішкентайлар мәз-мейрам. Ойын жеңімпаздарына қызғалдақтар елінен әкелінген гүлдер сыйға берілді.

БЛИЦ: 

Голландия павильонынан шықтық. Жақсы павильон екен. Энергия алудан біз алдамыз деп отыр. Әсіресе, теплица жасау жағынан мықтымыз деп отыр. 

Жаңа технологияларды көрдім. жапнонияның павильонына кіргенде өте таң қалдым. Жел арқылы, су арқылы адам баласына қуат алуға болады екен. Біз соның бәрін жүзеге асырсақ, халыққа кһп пайда келеді деп ойлаймын болашақта.

Онда нанотехнология жақсы көрсетілген. жақсы әсерде қалдым.  

Нидерланд ел экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің көшін бастап тұр. Қазіргі таңда екі ел арасында бірлескен 900 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. 

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы