378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Ежелгі мысыр ескерткіштері» көрмесі ашылды.

  • 625

Қазақстанның Ұлттық музейінде «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты көрме жұмысын бастады.

Енді елорда халқы мен қонақтары Египеттің ежелгі мәдениетімен таныса алады. Тутанхамон коллекциясынан асыл тастармен әшекейленген фараонның алтын жалатылған ағаш күймесі алтын жалатылған тағы сыртқы саркофагы қойылған. Мұның бәрі тұп-нұсқаның сапалы көшірмесі саналады.

Ежелден орта ғасырға дейінгі аралықтағы әртүрлі тарихи кезеңдердің бұйымдары мен жәдігерлері де жұртшылық назарына ұсынылды.

ЕХРО 2017 мамандандырылған халықаралық көрме аясындағы шарада мысырдың грек-рим кезеңі – әйел басының мүсіні арқылы, ал копт кезеңі – икон жазумен және портреттік сурет өнерімен таныстырылған. Әсем жазулармен безендірілген шырағдан мен гүл өрнекті қыш табақтар Ислам кезеңін көрсетеді. 

Египет Араб Республикасы турзим министрлігінің өкілдері көрмеге қойылған жәдігерлерді Қазақ еліне тарту ретінде қалдыратындарын айтты. Кейін олар әлемдік мәдениет залына жәдігер ретінде қойылады. 

Ахмед Шукри, Египет Араб Республикасы туризм министрінің бірінші орынбасары:

– ЕХРО 2017 көрмесіне біздің үкімет үлкен мән берді. Павильонның мазмұны мен көлеміне де. Комиссарынан бастап барлығы да мысыр мәдениеті мен жетістігінің насихатшылары. Осы көрме де сол жұмыстардың заңды жалағсы болып табылады. Египет Қазақ елін танып жатыр, Қазақстан мысыр мәдениетін біле түсті деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы