383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Урбан Руснак: ЭКСПО қалашығы қазақстандықтарға әлі талай жыл қызмет етеді

  • 523

Париждің символы «Эйфель мұнарасы» десек, брюссельдіктер «Атомиум» ғимаратын мақтан тұтады.

Сол сияқты «Нұр Әлем» сферасы да қазақ елінің мақтанышы болары сөзсіз. Өйткені мұндай аты әлемге әйгілі нысанды көру үшін жер жаһанның түпкір түпкірінен мыңдаған турист келеді. Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснак біздің арнамызға берген сұхбатында осылай деп ой бөлісті. Ол Астанаға ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалау үшін  арнайы келген.

Урбан Руснак, Энергетикалық хартияның бас хатшысы: 

- Көрнекті көрмеде барлығы жақсы ойластырылған. Тіпті әрбір тетігіне дейін. Мен өз басым тура ғарышта жүргендей болдым. «Нұр Әлем» сферасының кереметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр қабаттағы экспонаттар бүге-шүгесіне дейін ойластырылып қойылған. Бұл нысан болашақ ұрпаққа мұра боп қалары сөзсіз. Мұнда әлі талай халықаралық маңызы зор шаралар өтіп, қазақстандықтарға әлі ұзақ жылдар бойы қызмет етері анық.

Хабар 24 телеарнасы