378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-дағы Малайзия павильоны күріш сабағын кәдеге жарату құпиясымен бөліседі

  • 689

Жасыл және биотехнологиядағы инновациялар.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Малайзия павильоны үшінші апталығын осылай атамақ. Оған негіз де бар. Себебі бұл ел күріштің өзін ғана емес, оның сабағын да кәдеге жаратады. Шикізаттан бір рет пайдаланатын ыдыс-аяқ жасайды. Сондай-ақ әлемдегі алғашқы биологиялық зауыт та осы елде салынатын болды. Онда тек экологиялық таза өнім шығарылмақ. Тіпті пальма майынан жылына 10 мың тонна диацид өндіруді көздеп отыр. Жаңартылған биохимиялық өнім автокөлік бөлшектерімен қатар косметикалық қоспаларға да пайдаланылады. «Диацид - қоршаған орта үшін қауіпсіз әрі мұнай өнімдерінен алынатын әдеттегі химиялық қоспаларға балама бола алады», - дейді компания өкілдері.

Зайнал Азман Абу Кассим, «Биоэкономика» корпорациясы президентінің орынбасары:  

- Біз жасыл инновациялар апталығына биотехнологиялық сектордағы алдыңғы қатарлы малайзиялық компанияларды шақырдық. Олар біздің елде биоэкономиканың дамуына белсенді үлес қосып келеді. Тәжірибе алаңында бас қосып, пікір алысуға мүмкіндік туып отыр. Себебі Малайзия табиғи өнімдер шығаратын зауыт құрылысын бірінші болып бастады.

Хабар 24 телеарнасы