378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Найджел Питерс: Қазақстанның баламалы энергия саласында мүмкіндігі мол

  • 508

ЭКСПО-2017 көрмесі экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосып отырған Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырады.

Бұл «Бритиш Экспертиз Интернешнл» компаниясының директоры Найджл Питерстің пікірі. Ол басшылық ететін мекеме экспорттаушылар арасында жетекші сауда қауымдастығы ретінде танымал.

Найджел Питерс, British Expertise International директоры: 

- Тарихи тұрғыдан алып қарағанда біз Қазақстанды мұнай және газға бай мемлекет ретінде танимыз. Бірақ сіздердің басқа да мүмкіндіктеріңіз зор. Әсіресе баламалы энергия саласында. Біріккен Корольдіктің павильоны ірілігімен де, мазмұндылығымен де алдыңғы қатарда тұрғандардың бірі екендігімен қуантады. Президент Назарбаев – болашақ туралы ойлайтын адам. Ол Қазақстанға алдағы 10 жылда не керек екенін жақсы біледі. Бұл шара елдің дамуына үлкен пайда әкелетіндігіне сенімім зор.

Хабар 24 телеарнасы