424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Катар жасыл технологияны дамытуда елімізбен бірге жұмыс істеуге дайын

  • 728

ЭКСПО қалашығындағы Катар павильонына келушілер қатары әдеттегіден көп.

Өйткені катарлықтар Ұлттық күнін тойлады. Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұраны ойналған негізгі шарадан кейін Таяу Шығыстағы танымал ансамбльдердің бірі өнер көрсетті. Бұл ұжым клаиссикалық араб музыкасын заманауи интерпретацияда орындауға машықтанған. Ал салтанатты шарада сөз алған Катардың сыртқы істер министрі жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Солтан Бин Саад Әл-Мурайхи, Катардың сыртқы істер министрі: 

- Катар мұнай мен газға бай ел екендігіне қарамастан баламалы энергертиика мен жоғары технология мәселелеріне айрықша назар аударады. Біз жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайынбыз және өзара тиімді серіктестік қатынас құрудан үмітіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы