378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017: Израильдың ұлттық күні

  • 481

70-ші жылдары алғаш болып күн технологиясын енгізген мемлекеттің бірі Израиль бүгін ЕХРО көрмесінде  ұлттық күнін атап өтіп жатыр.

Израильдың ұлттық күні әдеттегідей екі елдің әнұрандарын орындаумен басталды.

Шара барысында елдің салт-дәстүрінен, мәдениетінен хабар беретін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ал жасыл энергия туралы айтар болсақ, Израиль оған аса басымдық береді. Бұл салада табыстары да баршылық. Ол IT технология мен стартап жобалардың нәтижесі.

Павильон «Жасампаздық энергиясы» деп аталады. Израиль бүгінде әлемде инновациялық технологиялар саласында көшбасшы болып табылады. ЭКСПО көрмесінде баламалы қуат көздері бойынша жетістіктерімен, іс тәжірибелерімен бөліспек.

Жалпы Израильде осы бағытта 200-ден астам жоғары технологиялық компания бар. Олар атап айтқанда күн, жел және биомассалық энергетика саласымен айналысады.

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 15 компания қатысып жатыр. Барлығы да жаңартылған энергияны пайдалануды насихаттайды. Израильдық ғалымдар жасыл технологияны әлі де жетілдіре түсуді көздейді. Осы мақсатта қазақстандық кәсіпорындармен әріптестік орнатамыз, дейді Израиль павильонының комиссары Элазар Коэн.

Хабар 24 телеарнасы