382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінде Израильдың ұлттық күні өтті

  • 462

«Жасампаздық энергиясы». EXPO Израиль павильоны дәл осылай аталады. Бірнеше жыл бұрын энергетикаға мұқтаж ел, бүгінде бұл салада көш бастап тұр.

Ұлттық күн әдеттегідей екі елдің әнұрандарын орындаумен басталды. Тараптар бұдан былай да достық, қарым-қатынасты, ынтымақтасты арттыра түспек. Шара барысында израильдық әнші Авева көпшілікті өз өнерімен тәнті етті. Ал әлемге танымал «Кин Дэвид Пис Драммерс» барабаншылар тобының орындаушылық шеберлігі ешкімді бей-жай қалдырмады. 

Яал Давидофф, King David Peace Drummers тобының мүшесі:

Қазақстанға алғаш келуім. Өте қонақжай халық екен. Біздің өнерімізге ерекше құрмет көрсетіп, қошеметтеп жатыр. EXPO ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде. Осындағы жұмыстарды көріп адамның мүмкіндігінде шек жоқтығына тағы бір мәрте көз жеткіздім.

Жасыл энергия туралы айтар болсақ, Израиль оған аса басымдық береді. Мәселен 1970 жылдардың өзінде алғаш болып, күн технологиясын енгізуді бастаған да осы мемлекет. Расымен бұл ел бүгінде әлемде инновациялық технология саласында көшбасшы болып табылады. Жалпы Израильде күн, жел және биомассалық энергетикамен айналысатын 200 астам компания бар.

Юваль Ротем, Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі: 

Израиль жасыл энергетиканы қолдайды. Электр энергиясы мен су ресурстарын үнемдеу үшін әрине, жасыл технология қажет. Біз бұл мақсатқа қаржы аяп көрген емеспіз. Себебі жаңартылған энергия көздерін дамытып, олардың әлем бойынша танымалдылығын арттыру  табиғи қоры аз мемлекетке аса тиімді.

Израильдық ғалымдар энергия алу әдістерін әлі де жетілдіре түсуді көздейді. Өздерінің іс-тәжірибелерімен де бөлісуге дайын.

Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 300 млн доллардан асты. Қазақстанда израильдық инвесторлардың қолдауымен 100 артық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы