424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция тұрғындарының ЭКСПО-ға қызығушылығы ерекше

  • 553

Арно Дриолле және Армангүл Қалжанова жұбы жақында елордаға келіп, ЭКСПО-ны толық аралап шықпақ.

Арно Дриолле және Армангүл Қалжанова – Париж тұрғындары. Олардың Лика есімді қызы бар. Бұл жанұя Қазақстанды да, Францияны да отанымыз деп есептейді. Яғни екеуін бірдей жақсы көреді және екі елге де ортақ бизнестері бар. Ал Астанадағы халықаралық көрменің ашылуын олар ғаламтор арқылы тамашалап, керемет әсер алыпты.

Арно Дриолле, Париж тұрғыны:

- ЭКСПО көрмесінің, әсіресе, «Нұр Әлем» сферасының құрылысын сырттай бақылап жүрдім. Менің ойымша ол Париждегі «Эйфель» мұнарасы, Астанадағы «Бәйтерек» монументі сияқты Қазақстанның жаңа символына айналады. Ал жалпы баламалы қуат көздері – Франция халқына өте жақын тақырып.

Ерлі-зайыптылар жақын аралықта Астанаға келіп, алдымен көрмені араламақ. Одан кейін әртүрлі компания өкілдерімен, әсіресе, кәсіпкерлермен кездесуді жоспарлап отыр.

Арно Дриолле, Париж тұрғыны:

Кез-келген ЭКСПО көрмесі – тарихи маңызды оқиға. Өкінішке қарай, Францияда өткен әртүрлі деңгейдегі көрмелерге қатыса алмадым. Бірақ әйелімнің туған жеріндегі тамаша оқиғаның куәгері болу бақыты бұйырып тұр.

Париж тұрғындарын негізгі көрмеден бөлек, Астанада өтіп жатқан әртүрлі мәдени шаралар да қызықтырып отыр. Әсіресе Арно мен Армангүл елордадағы опера және балет театры. Сондай-ақ төрткүл дүниеге танымал дю Солей циркінің өнерін тамашалағысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы