425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

China News EXPO-2017 көрмесінің маңыздылығын атады

  • 720

«Чайна Ньюс» қытайлық интернет басылым төрткіл дүниеде жасыл технологияларды дамытудағы Астанада өтіп жатқан EXPO-2017 көрмесінің маңыздылығын атап кетті. Осы шараға мақала арнаған авторлардың пікірінше, Қазақстан секілді Қытай да дәстүрлі энергия көздерінен тәуелділігін азайтуға тырысып жүр.

Сондықтан Қытай тарапының EXPO-2017 қатысуы осы бағытта екі ел арасында тығыз серіктестіктің орнауына септігін тигізеді.

«Астанада өтіп жатқан EXPO-2017 көрмесі болашақ технологиялардың дамуына күшті серпін береді. Тақырыбы да көрегендікпен таңдалған. Сонымен қатар, ол Қазақстанға дәстүрлі энергия көздерінен тәуелділігін азайтуға жол ашады», – делінген мақалада.

Хабар 24 телеарнасы