424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO аумағында Қытайдың ұлттық күні өтіп жатыр

  • 615

Күн сайын «ЭКСПО-2017» көрмесінің көрермендеріне жаңа павильон есігін айқара ашады.

Бүгін Қытай Халық Республикасының павильоны таныстырылатын күн.

Бүгін ЭКСПО аумағында Қытай Халық Республикасының ұлттық күні аталып өтуде. Мұнда Аспанасты елдің халықаралық сауда-саттық ықпалдастық комитетінің төрағасы Цзян Цзэн-вэй мырза арнайы келген екен. Өйткені бүгін мереке аясында Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы әріптестігі мен Қытайдың өзге мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынасына көп мән берілетін шаралар өткізу жоспарланған.

Солардың бірі ұлттық күн сахнасында өтіп жатыр. Мұнда қонақтар өздерінің дәстүрлерін таныстыратын тақырыптық қойылымдарын көрермен назарына ұсынады. Бұдан кейін келушілер Қытай павильонына барып, ғалымдардың ұсынған жобаларымен танысады.

Ал сағат 12:20-да энергия холында қазақ-қытай мәдениетінің элементтерін ұштастыратын 45 минуттық көрініс сахналанады.

Сондай-ақ түстен кейін екі ел арасындағы ынтымақтастық форумы өтеді деп жоспарланған. Оған қос мемлекеттің елеулі өкілдері, Қытайдың халықаралық сауда-саттық ықпалдастық комитетінің төрағасы, Энергетика министрінің орынбасары, Қазақстанның Энергетика департаментінің жетекшісі, «Сарыарқа» қорының басшысы, сондай-ақ екі елдің 300-ден астам өкілі қатысады деп күтіледі. Форум тақырыбы энергетиканың болашағына, оның түрленуіне, «Жібек жолы» мен «Болашақ энергетика» тақырыбындағы екі елдің экономикалық ынтымақтастығына арналады.

Ал кешкі сағат 19:30-да Қытай павильонының күніне арналған шоу ұйымдастырылады. Онда вокалдық музыка, би, акробатика және жауынгерлік өнердің әртүрлі көркемдік түрлеріне бай қызықты шоу ұсынылады. 

Хабар 24 телеарнасы