424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр әлем» – қуат үнемдейтін ғимараттың керемет үлгісі

  • 1022

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Астанада өтіп жатқан ЕХРО-2017 көрмесіне деген қызығушылғы әлі де басылар емес.

Тілшілер шараның таңдалған тақырыбы мен ұйымдастырылу деңгейі жайлы біраз материалдар жазыпты.

«Оффшор Уинд» интернет басылымы ЕХРО-2017 көрмесінде жел турбиналарынан бастап электр қуатымен жабдықтайтын ақылды жүйелерге дейін түрлі инновациялармен танысуға болатынын жазған. Астанадағы көрме жасыл энергетика саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табу мен тәжірибе алмасудың әлемдік алаңы. Әсіресе Энглед Блейдз турбиналасы желдің екпіні саябырсыса да қуатты көбірек өндіреді. Бұл қазақстандық жоба.

«Көрмеге қатысушы елдердің көбінде өз павильоны бар. Онда олар жасыл технологиялар саласындағы жетістіктерін ұсынып, шөл немесе мұхит секілді түрлі географиялық жағдайда жаңғыртылатын қуат көздерін пайдалануда өз тәжірибесімен бөлісіп жүр. Көрменің орталық бөлігі «Нұр әлем» жаһандағы сфера түріндегі ең үлкен құрылым. Ол қуат үнемдейтін ғимараттың керемет үлгісі»

Астанадағы көрменің маңызы Олимпиада немесе футболдан әлем біріншілігімен шамалас. Бұл туралы оңтүстіккореялық «Сандэй ньюс» журналы жазған. Алғаш рет ЕХРО тақырыбы ретінде болашқ энергетика таңдалып отыр. Тілшілер Қазақстанның 2050 жылға дейін электр энергиясының жартысын жаңғыртылатын қуат көздерінен өндіру туралы жоспарына таң қалғанын жасырған жоқ.

«Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 11-орында, ал газ қоры бойынша 7-орында тұр. Сонымен бірге экспортының 83%-ын мұнай, газ бен өзге пайдалы қазбалар құрайды. Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған ел осындай табиғи байлықтарының арқасында қарқынды дамыған».

«Сандэй ньюс» Қазақстанның жаңғыртылатын энергетикаға көшу мүмкіндіктері зор екенін жазған. Елдегі желдің орташа жылдамдығы секундына 6 метрден асады, ал аумағының тең жартысы Күн панельдерін орнатуға қолайлы аймақ саналады. Тілшілер Астанадағы ЕХРО көрмесі Орталық Азиядағы басты шараға айналып, дүние жүзінің назарын елге аударып, Қазақстан экономикасының даму қарқынын үдете түсетініне сенімді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Бекболат Тұрмахан

Хабар 24 телеарнасы