420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неміс сарапшысы: Астанаға осы жолғы сапарым естен кетпестей болды

  • 764

 Бас қаланы 19 жылдық мерейтойымен Орталық Азия елдері жөніндегі неміс сарапшысы Гюнтер Кнабе құттықтады. Гнабе мырза Астанаға бірнеше рет келген. «Алайда, осы жолғы сапарым естен кетпестей болды», – дейді.

Өйткені күллі әлем назарын аударған EXPO көрмесі оған үлкен әсер қалдырыпты.

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері жөніндегі сарапшы:

 – EXPO көрмесі – өте үлкен кешен. 13 жыл бойы Еуразиялық медиа форумға қатысып келемін, биыл форумнан кейін мен бірден EXPO көрмесіне келдім. «Нұр әлем» сферасын суреттерден көріп, тәнті болғанмын, бірақ өз көзіңмен көру тіпті өзгеше екен. Әр қабатта Қазақстан тарихы, болашақ энергиясы туралы мағлұмат өте көп. Салынған ғимараттар да таңдай қақтырарлық. Бұған дейін де бірнеше көрмеге қатысқам. Менің ойымша, Қазақстан осы жобаны өте жоғары деңгейде өткізіп жатыр. EXPO – Қазақстанның әлемдік сахнадағы беделін одан сайын арттырмақ.

Хабар 24 телеарнасы