420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы көрмені көруге Германия президенті келеді

  • 464

Астанадағы көрмені көруге Германия президенті келеді. Бұл Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекет басшысы ретінде Қазақстанға алғашқы сапары.

Ол 12 шілдеде ЭКСПО көрмесіндегі Германияның ұлттық күніне орай өтетін іс-шараларға қатысуы тиіс. Қазірдің өзінде неміс делегациясының өкілдері келіп үлгерді. Арасында саясаткерлер, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар. Олар бұл сапардан кейін Қазақстан мен Германия арасындағы серіктестік одан ары нығая түсетініне сенімді.

Андреас Кульманн, Dena энергетикалық агенттігінің төрағасы:

Германия Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесін асыға күтті. Ауқымды жобаны қалай жүзеге асырып жатқандарыңыз бізді шабыттандырады. Баламалы энергия тақырыбы өте өзекті. Неміс энергетикалық агенттігі Астанада үлкен конференция өткізеді. Басқосуда осы саладағы мүмкіндіктерімізді көрсетіп, мол тəжірибемізбен бөліспекпіз. Сондай-ақ əріптестерімізбен бірлескен жобалар туралы пікір алмасуды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы