424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италиялық тілшілер ЕХРО қалашығын көріп қайтуға кеңес береді

  • 622

Энергетикадағы үздік жетістіктер. Нарықта жоқ өнертабыстар.

Түрлі тәжірибелер. Астанадағы ЕХРО әрбір көрермен үшін қызықты болмақ. Бұл туралы көрмеде болып қайтқан италиялық тілшілер жарыса жазып жатыр. Симоне Кантарини Римнің Agenzia Nova ақпараттық агенттігінде, ал Джозетта Чуффа Specchio economico журналында қызмет етеді. Қос әріптес өзгелерге ЕХРО қалашығын көріп қайтуға кеңес береді.

Симоне Кантарини, Agenzia Nova ақпараттық агенттігінің тілшісі:

- Бізді «Нұр әлем» сферасы ерекше қызықтырды. ЕХРО қалашығындағы ұлттық павильонда елдің энергетика тарихы мен оның болашағы туралы тақырыптар қамтылған. Күн, жел және биомасса баламалы қуат көздерін қолдану арқылы мұнай экспорттаушы Қазақстан жаңармалы энергия мен «жасыл» экономика саласында алдыңғы қатарлы елге айналады.

Джозетта Чуффа, Specchio economico журналының директоры:

- Әлбетте, алған әсерім ерекше. Қазақстан павильоны көз тартады. Көрмеге келушілерге қолжетімді және ұсынған концепциялары түсінікті. Бұл Қазақстан туралы мол ақпарат алғысы келген әрбір азамат үшін қайталанбас мүмкіндік. Сондықтан осы ЕХРО-ны тамашалау үшін Астанаға міндетті түрде барып келуге кеңес беремін.

Хабар 24 телеарнасы