426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-2017 көрмесінде Буркина-Фасоның ұлттық күні атап өтілді

  • 616

Бүгін EXPO-2017 қалашығында «адал адамдар елінің» ұлттық күні. Өздерін осылай атайтын Буркина-Фасолықтардың төл мерекесінде екі елдің тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды.

Халықаралық көрмеге келушілер Африка Плаза павильонын аралап, қара құрлық елінде қолданылаты баламалы қуат көздерімен танысты. Сондай-ақ павильон алдына жиылған көрермен-қауым африкалық өнерпаздардың концертін тамашалады. Айта кетейік, Буркина-Фасо елінде баламалы қуат көздерінен күн энергиясы мен био-масса қалдықтары жиі қолданылады.

Исса Бенджамин Багуян, Буркина-Фасо делегациясының жетекшісі:

Қазақстан басшылығына алғысым шексіз. Осындай ауқымды халықаралық көрмеге қатысып жатқан Буркина-Фасо елі үшін бұл үлкен мүмкіндік. Баламалы қуат көздерінен біз күн энергиясын жиі пайдаланамыз. 2030 жылға дейін елдегі күн станцияларын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Оған техникалық жобалар да дайын. Инвестиция тарту мақсатында елде кәсіп жүргізу жағдайын жеңілдеттік.

Хабар 24 телеарнасы