Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

EXPO-2017 көрмесінде Словакияның ұлттық күні атап өтілді

  • 1082

Бүгін EXPO қалашығында Словакияның ұлттық күні аталып өтті. Еуроодаққа мүше бұл мемлекет көрме меймандарын ұлттық ән-билерімен қайран қалдырды. Ал словакиялық павильонда жасыл энергетика тақырыбына қатысты қызықты жобалар жетерлік.

Жасын Біркенов, тілші:

Словактар ұлттық күні аясында көрме меймандарын ән-биімен таң қалдыруға тырысты. Словакияның шараға әкелген жасыл энергияға қатысты жобалары жетерлік. Еуро одаққа мүше бұл мемлекетте баламалы қуат көздері қарқынды дамып келеді.

Словакия павильонында жасыл энергетика тақырыбында қызықтайтын жобалар жетерлік. Мәселен, мына велосипедтің басқыштарын басып, қуат көзін өндіруге болады. Ал мынау «ақылды үй». Өте қызықты капсула. Жел мен күннің арқасында жылу сумен және жарықпен жарақталады.

«Ақылды үй» – 40 градус суыққа, 50 градус ыстыққа төзімді. 100 мың АҚШ доллар тұрады. Қымбат болғанымен, словактар мұндай капсуланың 50 данасын сатып үлгеріпті. Демек, аз да болса, сұраныс бар.

Филип Урбан, Словакия баламалы энергия қауымдастығының президенті:

– Бүгінде біз энергетикалық тиімділік пен қауіпсіздікке баса назар аударып отырмыз. Словакияда табиғи ресурстар тапшы. Еуроодақтың өзі энергияны Ресей, Норвегия мен Алжир елдерінен сатып алып, ол үшін күніне 1 млн еуро жұмсайды. Біз астық, жүгері секілді биомассадан қуат көзін өндіруді қолға алып отырмыз.

Бүгінде Словакияда баламалы энергияның үлесі 14 пайыз. Ендігі міндет 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізу.

Авторлары: Жасын Біркенов, Жанар Дулатова, Даурен Үмбеталиев

Хабар 24 телеарнасы