419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Болашақ энергиясы» форумының қатысушылары үздік тәжірибелермен толығырақ таныса алады

  • 769

«ЭКСПО – 2017» көрмесінде ұсынылған бірқатар үздік тәжірибе «Болашақ энергиясы» форумының қатысушыларына толығырақ таныстырылады.

Оның қатарында австриялық компанияның күн энергиясын шоғырландыру жобасы мен су электр станцияларына арналған құрал-жабдықтары бар. Бұл туралы бүгін форумның VI отырысында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов айтты. Сондай-ақ спикерлер қатарында болған Ұлттық экономика, Инвестициялар мен даму министрліктерінің және Оксфорд университетінің өкілдері «жасыл энергетиканы» дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Бағдарлама шеңберінде өзге де шетелдік сарапшылар мен кәсіпкерлер, экологиялық таза қуат көздерін жаңғырту саласын инвестициялау тақырыбын талқылайды.

Айта кетейік, 29 маусымда басталған форум 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ербол Шорманов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Екікүндік конференцияның бағдарламасы қаржыландыру, инвестиция, инновациялық «жасыл технологияны» дамыту, баламалы қуат көздерін зерттеу, еңбек нарығы мен азаматтарды заманауи мамандықтарға оқыту тақырыптарын қамтиды. Сондай-ақ ЭКСПО аумағында орналасқан үздік тәжірибелер павильонындағы ерекше жобалар толығырақ таныстырылады.

Хабар 24 телеарнасы