410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украиналық саясаткер EXPO көрмесіне қатысты пікірін айтты

  • 590

EXPO 2017 көрмесі – сана серпілістің жемісі.

Өйткені мұнда барлығы әдеттегіден өзгеше әрі жаңа технологиялар ұсынылған. Украина сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Олег Литвяктың пікірі осындай. Оның айтуынша, Арқа төріндегі халықаралық көрме арқылы әлемдік энергия өндіру мен оны тұтыну жаңаша түрленетін болады.

Олег Литвяк, Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілі:

- EXPO бұл – тек энергетикалық шаруашылық саласындағы жетістіктер көрмесі ғана емес. Мұнда саналы да білімді ұрпақтың қоршаған ортаның болашағына оң серпін беретін идеялары көрсетіледі. Біз мұны қабылдай білуіміз керек. Тың технологияларды қолданатын кез келді. Ғылым мен өндіріс жаңа серпіліс алуы қажет. Сонда ғана адамдардың барлығы болашағына алаңдамайды.

Хабар 24 телеарнасы