426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Болашақта еуропалықтар тек баламалы қуат көздерін пайдаланатын болады

  • 708

Соңғы 5 жылда Еуропалық инвестициялық банк Қазақстанға 500 млн еуро бөлді.

Бұл туралы  «Болашақ энергиясы» форумының бесінші конференциясында Еуропалық комиссияның Энергетика мәселелері бойынша бас директорының орынбасары Герасимос Томас мәлім етті. Оның айтуынша, еуропалықтар шикізатқа тәуелділіктен арылудың жолын қарастырып жатыр. Осылайша, болашақта толықтай баламалы энергия көздерін пайдалануға көшеді. Шетелдік сарапшы Қазақстан Еуроодақтың сенімді серіктесі екендігін де тілге тиек етті.

Герасимос Томас, Еуропалық комиссияның энергетика бойынша бас директорының орынбасары: 

- Астана - болашақтың, инновацияның қаласы. Дегенмен бас шаһардың өсіп-өркендеуімен қатар өзге де қалалардағы құрылыс жұмыстарында экологиялық таза өнімдерді пайдалануға ден қойған жөн. Яғни кез келген салада энергия тиімділікті арттыру керек.

Хабар 24 телеарнасы