412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әзербайжан журналистері EXPO көрмесінен алған әсерлерімен бөлісті

  • 633

Шетелдік қонақтардың EXPO-2017 көрмесінен алған әсері зор. Әсіресе Қазақстан павильоны бірегейлігімен көзге түскен. Астанада болған Әзербайжан журналистері халықтың әлеуметтік, мәдени және экономикалық өмірінің көп тұстарын зерттеп-зерделеп қайтыпты.

Олардың пікірінше, Қазақстан түрлі мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, еуропалық стандартқа талпынып отырған мемлекет. Және бұл бағытта көп жетістікке жеткен.

Джавид Исмайыл, журналист:

– EXPO-ға дайындықтың жоғары деңгейде болғаны соншалық, ол күткеннен де асып түсті деп ойлаймын. Мына алып көрме аумағында Қазақстан павильоны бірден көзге түседі. Мұнда мемлекеттің баламалы энергия саласындағы мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілген. Қазақстанның жетістіктеріне біз әрқашан қуаныштымыз. Өйткені бізді тарихымыз бен стратегиялық байланысымыз біріктіреді. 

Халид Кязымлы, журналист:

Мен Астанада бірнеше рет болып, арнайы хабарлар жасадым. Әдетте көп тілшілер еуропалық қалалар туралы жазады. Ал Астана жас қала болса да, зор әсер қалдырды. Өткен жылмен салыстырғанда Астана көркейе түскен. EXPO өте керемет. Әсіресе Қазақстан павильоны құрылысының ерекшелігін атап өткім келеді. Өте жақсы ұйымдастырылған. Меніңше, көрме Қазақстанды барлық әлемге танытып, елдің әлеуметтік, мәдени және экономикалық салада еуропалық стандарттарға деген талпынсын көрсетеді. Мен елдің дамуымен өте жақсы таныспын. Сондықтан Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізді деп толық сеніммен айта аламын. 

Хабар 24 телеарнасы