429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неміс сарапшысы EXPO көрмесіне жоғары баға берді

  • 621

Астанада өтіп жатқан EXPO көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Бұл Германияның көрме индустриясы қауымдастығының басшысы Петер Невеннің пікірі. Сарапшы елордаға жасаған жұмыс сапарынан кейін көрмеге осындай баға берді. Ол осымен 25 жыл қатарынан әлемдегі ең ірі көрме кешендерін аралап көрген. Тәжірибелі маман Қазақстандағы EXPO сәтті өтіп жатқандығын тілге тиек етті.

Айта кетейік, Германиядағы барлық көрме ұйымдастырушыларын біріктіріп отырған қауымдастықтың жүзжылдық тарихы бар. Ол халықаралық тәжірибелерді жинақтап, рейтинг жасаумен айналысады.

Петер Невен, Германияның көрме индустриясы қауымдастығының басқарушы директоры:

– Біздің сарапшылар бұған дейін де көптеген ЭКСПО көрмесінде болған. Сондықтан біздің салыстыруға тәжірибеміз жеткілікті. Мәселен, мен алдымен қабылдап жатқан елдің ұлттық павильонына мән беремін. Шындықты мойындау керек, Қазақстанның павильоны таңғаларлықтай. Шар тәріздес ғимарат «ЭКСПО-2017» көрмесінің бойтұмарына айналды әрі Астананың көрікті нысандарының бірі болып қала бермек. Әрине, бұл аймақтағы ең ауқымды көрмелердің бірі. Оның қорытындысын шығару әлі ертерек. Бірақ Қазақстан бұл мүмкіндікті сәтті пайдалана білді.

Хабар 24 телеарнасы