ЭКСПО көрмесі аясында Астанада «Болашақ энергиясы» форумы өтіп жатыр.
Айға жуық уақытқа созылатын ауқымды шарада адамзатты толғандыратын әртүрлі мәселе көтеріліп, оның шешу жолдары ұсынылады. Ал бүгінгі жиын ірі қалалардағы көлік кептелісін азайту және мегаполис инфрақұрылымын оңтайландыру тақырыптарына арналды. Шетелден келген мамандар өз жобаларын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Антони Вивес, Қаланы қайта құру агенттігінің бас директоры /Испания/:
- Мәселен, біз Барселона қаласындағы көлік кептелісін азайту үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргіздік. Жиналған ұсыныс-тілектер бойынша қоғамдық көліктердің кестесін өзгерттік. Жүргіншілер жолағын көбейттік. Соның арқасында көшедегі жеке көліктер саны 18 пайызға азайып, кептелістер жойыла бастады.