Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әйгілі әнші Пласидо Доминго ЭКСПО көрмесін аралады

  • 655

Бүгін әйгілі опера әншісі, дирижер Пласидо Доминго ЭКСПО көрмесін аралады.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов мәртебелі мейманға «Нұр Әлем» павильонын көрсетті. Беделді қонақ қазақтың киіз үйіне кіріп, қобыз әуенін тыңдады. Кейін ол Австрия, Испания мен Германия павильондарын тамашалады. Отбасымен бірге келген әртіс шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанан ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Астанадағы ЭКСПО көрмесі әлем тарихында қалатын оқиға. Доминго қазақстандықтарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Естеріңізге салайық, белгілі опера әншісі елімізге алғаш рет 2009 жылы келген. Ал биыл маэстро елордамызда әлемдегі ең беделді вокалистер байқауын өткізді.

Хабар 24 телеарнасы