378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО 2017: Иран Ислам Республикасының ұлттық күні

  • 544

Бүгін Иран делегациясы көрме қонақтарын ерекше мәдени бағдарламасымен тамсандырды.

Елдің индустрия және сауда министрі Хоссейн Эсфахбоди сахна төрінде сөз сөйлегеннен кейін, «Растак» парсы музыкалық ансамблі өнер көрсетті. Олар өздерінің дәстүрлі аспаптарының әуенін заманауи тұрғыда орындап шықты. Бұл топ Италия, Австрия, АҚШ; Жапония, Бельгия сынды әлемнің түрлі елдерінде өз қойылымдарын ұйымдастырған. Кейін сахнаға «Ахери» би ұжымы шығып, иранның халық билерін биледі. Кейін қалыптасқан дәстүр бойынша делегациялар павильонды аралауға келді. Ирандықтардың ғимараты да таң қалдырды. Ол үш бөлікке бөлінген.

Біріншісінде елдің өткені, яғни сенсорлық экрандарда бұрынғы кездері суды алу, жел диірмендерінің қалай жұмыс істейтіні және шөл далада бақша отырғызу жолдары бейнеленген. Ал екіншісінде елдің қазіргі жетістіктері көрсетілген. Яғни гидроэлектроэнергия, жел мен күн энергиясына қол жеткізуді көресіздер. Ал соңғысында баламалы энегрия ресурстарына қол жеткізу жолдарын тамашалауға болады. Сондай-ақ павильон аумкғында кішігірім сахна қойылған. Мұнда келушілер Иранның музыкалық әуендерін тамашалап кете алады. Өздеріңіз білетіндей, ислам мемлекеті мұнай экспорты бойынша әлемде көш бастап тұр. Павильонда Иран табиғи шикізаттарға тәуелділіктен арылып, баламалы энергия ресурстарға қалай көшіп жатқандығы жайлы ақпар мол.

Келушілер энергияны үнемді пайдаланып, сақтап қалу тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды. 

Хабар 24 телеарнасы