412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO қандастарымызды біріктірді

  • 425

Астанада өтіп жатқан бүкіләлемдік EXPО көрмесі халықаралық сахнадағы Қазақстанның жоғарғы беделінің дәлелі.

Бұл Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің пікірі. Мәскеу қаласындағы Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Дәмелі Тасмағамбетованың айтуынша көрме қандастарымызға тарихи отанына тағы барып-қайтуға түрткі болған.

Дәмелі Тасмағамбетова, Мәскеу қаласындағы қазақ ұлттық-мәдени автономиясының басшысы:

- Қазақстанда осыны көргенде көңілім толқып, Отанымды мақтан тұтамын. Үлкен шара дәл осы кезде Астанада өтіп жатыр. Елімізді Қытай, Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерімен бір қатарға қойған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевға алығысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы