417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баламалы қуат көздерін қаржыландыру қарастырылып жатыр

  • 1023

Келер жылдан бастап жұмысын бастайтын «Астана» халықаралық қаржы орталығы баламалы қуат көздерін қаржыландыруды ойластырып жатыр.

«Өйткені «жасыл» экономикаға көшу» концепциясын елімізде жүзеге асыру үшін арнайы тетіктер жетіспейді», дейді орталықтың атқарушы директоры Саясат Нұрбек. Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын құрамына Қазақстан да кіретін 195 ел бірлесіп, климат бойынша Париж келісімін бекіткен болатын. Ол бойынша алдағы жылдары жаңармалы энергетика саласына 7,4 трлн доллар көлемінде қаражат бөлінбек. EXPO көрмесі аясында өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» форумының ертеңге дейін жалғасатын конференция тақырыбы «Барлығына ортақ энергия» деп аталды. Сондай-ақ пленарлық сессияға шетелдік спикерлер, халықаралық банк өкілдері мен Н.Назарбаев университетінің профессорлары қатысты.

Саясат Нұрбек, «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры:

- Американың еңбек нарығына қарайтын болсақ, қазіргі таңда баламалы энергетика ең көп жаңа жұмыс орындарында жасайтын сектор болып табылады. Мысалы көмір табу секторымен салыстырғанда 74 мың жұмыс орны 2017 жылы, ал баламалы энергетика саласында жарты миллионға астам. Яғни 25-30%-ға өсіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы