389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО көрмесіндегі еріктілердің арасында шетелдіктер де бар

  • 444

ЕХРО көрмесінде ағылған халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп жүрген жастардың арасында шетелдіктер де бар.

Сидней Исайя – Испанияның тумасы. Ол бұған дейін Миланда өткен көрме мен Рио және Сочи олимпиадаларына ерікті ретінде қатысқан. Елімізде ЕХРО шарасы ұйымдастырылатынын естіген бойда Қазақстанға келуге ұмтылыпты. Қонақжай қазақ елін өз көзімен көргісі келген.

Сидней Исайя Луки Окетайот, ерікті:

– Маған Миланда өткен көрмеде Қазақстанның павильоны ұнады. Оған дейін сіздердің елдеріңіз туралы аз кем естігенмін. Бірақ сол шарадан кейін мұнда келгім келді. Маған сіздердің елдеріңіз қатты ұнады. Адамдар өте мейірбан екен. Әрі шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған.

Көрмеге ерікті ретінде қатысу испандық үшін оңай болған жоқ. Ол түрлі әлеуметтік жобалар мен форумдарға атсалысып, арнайы дайындықтан өткен. Тіпті көрмені қолдап, шағын шара да ұйымдастырған. Жалпы көрмеге Сидней секілді әлемнің 40 елінен келген 150 шетелдік қатысып отыр.

Аида Сыздықова, еріктілермен жұмыс жөніндегі штаб қызметкері:

– Еріктілер Әзірбайжан, Франция, Италия, Уганда сынды мемлекеттерден арнайы келіп отыр. Біздің қонақжай халқымыз оларға қатты ұнайды.

Бірақ еріктілер үшін кімнің қайдан келгені маңызды емес. Бастысы дер кезінде көмек көрсету. Олар қолдары қалт етсе бір-бірімен кездесіп, көрменің тарихын сөз етеді. Бар білгендерін ортаға салып, дүниетанымдарын кеңейте түседі.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы , Марал Аманжолова, Бахтияр Рзаев

Хабар 24 телеарнасы