419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-да Швейцарияның ұлттық күні өтіп жатыр

  • 601

EXPO көрмесінің аумағында Швейцария мемлекетінің ұлттық күні өтіп жатыр. Еуропалықтар келген  қонақтарды несімен таңқалдырды?

Дариға Тәшенова, тілші: 

Швейцария Конфедерациясының ұлттық күні қызықты өтіп жатыр.  Ең алдымен сахна төрінде ел президенті Дорис Лойтхард сөз сөйледі.  Кейін делегациялар қалыптасқан дәстүр бойынша ұлттық павильонды аралауға келді. Шамамен жарты сағат ішінде мұнда Швейцарияның болашақ энергетикалық инновациялары тақырыбында панельдік сессия өтеді. Жалпы бұл ғимарат 3 аймақтан тұрады. Әркім осында келгеннен кейін өзінің жеке бағдарламасын жасап, Швейцарияның  барлық тұстарымен жан-жақты таныса алады. Оның басты идеясы елді энергия көздері, табиғаты, мәдениеті арқылы көрсету. Павильон таудағы лашық үй ретінде салынған. Мұнда заман талабына сай экологиялық технологиялар қолданылған. Келушілер өзінің энергетикалық балансын өлшей алады. Ауа райы өзгерісінің адам өміріне қалай әсер етіп, тұрақты энергия көздерін өндіру саласындағы ынтымақтастық жайлы ақпар да осында жарияланған. Ал түстен кейін Қазақстанмен ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қоылады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы