420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияның EXPO-дағы ұлттық күні атап өтілді

  • 762

EXPO көрмесінің аумағында  Швейцария Конфедерациясының ұлттық күні атап өтілді.

Шараға  Еуропа елінің  президенті Дорис Лойтхард қатысып, сахна төрінде  сөз сөйледі. Кейін шетелдік музыкалық топтар өнер көрсетіп, жұртшылықты тамсандырды. Дәстүр бойынша делегациялар  ұлттық павильон аумағын аралауға келді. Павильон 3 аймақтан тұрады. Әркім осында келгеннен кейін өзінің жеке бағдарламасын жасап, Швейцарияның  барлық тұстарымен жан-жақты таныса алады. Оның басты идеясы  елді энергия көздері  табиғаты  мәдениеті арқылы  көрсету болды. Павильонды салу кезінде  заман талабына сай  экологиялық технологиялар қолданылған. Келушілер  өзінің энергетикалық балансын  өлшей алады. Жалпы Швейцария  Қазақстанның ең басты стратегиялық  және сауда әріптестерінің  бірі болып табылады. Екі ел арасындағы  дипломатиялық қарым-қатынас 25 жыл бұрын орнатылған. Осы уақыт аралығында көптеген салада екі жақты ынтымақтастығымыз нығайды. Әсіресе  білім беру бағытында  көптеген жұмыс атқарылды. Бүгінгі кездесуде де екі мемлекет өкілдері  ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойды. 

Дорис Лойтхард, Швейцария Конфедерациясының президенті: 

- Швейцария – Қазақстанның сенімді экономикалық әріптесі. Біздің кәсіпкерлер ел экономикасына инвестиция құюға дайын. Біз көптеген саладағы тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Әсіресе баламалы энергетика бағыттары бойынша жетістіктеріміз мол. Швейцария жаһандық инновациялық индексте 7 рет көш бастады.

Хабар 24 телеарнасы