412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Беларусь үкімет басшылары ЭКСПО қалашығын аралады

  • 492

Қазақстан ЭКСПО көрмесін ең жоғарғы деңгейде ұйымдастырған.

Шараны өткізу кезінде жүктелген міндеттерді сапалы түрде атқарып келеді. Бүгін ЭКСПО қалашығына барған Беларусь Премьер-министрі осылай деді. Андрей Кобяков Беларусь дәстүрлі газ, көмірдің орнына біртіндеп жел, күн, биоотын түрлеріне көшіп жатқандығын тілге тиек етті. «ЭКСПО-2017» энерготиімділікті арттыру үшін басқа мемлекеттермен тәжірибе алмасып, өзара тиімді жобаларды қолға алуға септігін тигізетіндігіне сенім білдірді. Ал Қазақстан үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев әріптесін көрме аясында өтіп жатқан осы елдің ұлттық күнімен құттықтады. Сонымен қатар ТМД аумағында осындай ауқымдағы көрменің алғаш рет өтіп отырғанын тілге тиек етті. Үкімет басшылары алдымен Беларусь елінің ұлттық павильонындағы IT-жобалармен танысып, кейіннен «Нұрлы Әлем» кешенін аралады. 

Хабар 24 телеарнасы