424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017 көрмесін 2,5 млн-ға жуық адам тамашалады

  • 1047

Осы күнге дейін ЕХРО көрмесін 2 млн 474 мың адам тамашалаған.

Келушілерді әсіресе Африка, Мысыр, Түркия, Әзербайжан,Таиланд пен Үндістан алаңдары қызықтырады. Жалпы 2 ай ішінде ЕХРО қалашығында түрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 70-тен аса ұлттық күні ұйымдастырылды. Енді көрме соңына дейін тағы 30-ға жуық осындай шара өтеді.

Бейбіт Қарымсақов, «Астана ЕХРО-2017» ҰК Басқарушы директоры:

– Бірінші аймен салыстырғанда, екінші айда 1,4 есе адам көп келді. Ол 422 мың адам болып есептелінеді. Бүгінгі күннің есебі бойынша бүгін түстен кейін 2,5 млн адам болады деп есептеп отырмыз. «Нұр Әлемге» 746 мың адам кірген. Бұл жерде де өсім 1,4 есе болып отыр.

Айта кетейік, 18 тамызда ЕХРО көрмесі аясында Астанада Эйкон, Джон Ньюмэн сияқты әлем жұлдыздары қатысатын музыкалық фестиваль өтеді. 19 тамызда Эрос Рамазоттидің концерті болады. Ал 29 тамызда әйгілі Дэвит Гетта келіп, өнер көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы