422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO қонақтары ғарышпен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік алды

  • 656

Халықаралық ғарыш станциясының ғарышкерлері EXPO-2017 көрмесінің қонақтарымен тікелей байланысқа шықты. Мұндай тосын сый Астанадағы Қызылорда облысының мәдени күндеріне арналып, EXPO қалашығында өтіп жатқан қорытынды концерт кезінде жасалды.

Халықаралық ғарыш станциясынан Фёдор Юрчихин мен Сергей Рязански сөз алып, Амфитеатр сахнасындағы үлкен экран арқылы EXPO қонақтары мен қазақстандықтарға және жұлдызды шаһар Байқоңыр орналасқан Қызылордаға ғарыштан жалынды сәлем жолдады. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі көрменің маңыздылығына тоқталып, «Болашақ энергиясы» әлем елдері үшін жалпы адамзат үшін өзекті екенін атап өтті. 

Хабар 24 телеарнасы