386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фиджи Қазақстанмен энергия көздері саласында қарым-қатынас орнатты

  • 412

Бүгін ЕХРО 2017 көрмесі аумағында Фиджи Республикасының ұлттық күні өтіп жатыр.

333 аралды қамтыған мемлекет Астанаға өзінің табиғи ресурстардан алынатын минералды суы мен косметикалық өнімдерін әкелген. Тынық Мұхиты плазасында орналасқан шағын ғана павильонды бүгінге дейін 90 мың адам тамашалаған. Фиджи мемлекетінде туризм, балық аулау, орман шаруашылығы мен жасыл технологиялар салалары жақсы дамыған. Мәселен 800 мың халқы бар елдегі мектептер мен ауруханалар күн батареяларынан қуат алады.

Файаз Сиддик Коя, Фиджи Республикасының Индустрия, сауда және туризм министрі:

Біз Қазақстанмен қайта жаңғыртылатын энергия көздері саласында қарым-қатынас орнаттық. Болашақта әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақстанның баламалы қуат көздерін қолдану жағынан бізге қарағанда тәжірибесі молырақ. Сондықтан біз үшін бұл әріптестіктің маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы