427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО көрмесін қарашаға дейін созу мүмкін емес

  • 1003

Көрменің жұмысын қарашаға дейін созу мүмкін емес.

Мамандандырылған көрме кеңсесінің басшылығы елордалық кәсіпкерлердің өтінішін қанағаттандыра алмаймыз деп, бүгін түсініктеме берді. Естеріңізде болса, бірер күн бұрын астаналық кәсіпкерлер Ахметжан Есімовтен бас қалаға туристердің көп келуіне байланысты, ЕХРО-ны тағы 2 айға созуды сұраған. Хатқа тур-операторлар, көлік компаниясының өкілдері, мейрамханалар мен қонақүйлердің иелері қол қойды. Айту керек, көрмеден кейін «Нұр әлем» павильоны болашақ мұражайына айналып, туристік нысан болып қалмақ. Арт орталығы үздік тәжірибелер аймағы мен тақырыптық павильондар да қызметін жалғастырады.

Фариза Болатбек, «Астана ЕХРО 2017» ҰК АҚ баспасөз орталығының жетекшісі:

– Біздің шешім бойынша Халықаралық көрмелер бюросының регламенті бойынша мамандандырылған көрме 3 ай жалғасады. Біз осы тәртіп бойынша жұмыс істейміз. Бұл астаналық кәсіпкерлердің өтінішін орындай алмауымыздың ең бірінші себебі. Екіншіден, көрменің халықаралық қатысушыларының бюджеті белгілі мерзімге шектелген. Сондықтан олардың көрмеге қатысу мерзімін ұзарту қиындықтар тудырады.

Хабар 24 телеарнасы