384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО 2017 алаңында Маршалл аралдарының ұлттық күні өтті

  • 511

ЕХРО қалашығында Маршалл аралдарының ұлттық күні өтті.

40 жылдық тарихы бар елдің негізгі табиғи байлықтары фосфорит кендері мен теңіз өнімдері. Сондай-ақ кокос, бұрыш. асқабақ өсіру салалары жақсы дамыған. 60 мың халқы бар ел тұрғындарының 10 пайызын туризм саласы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ал өнеркәсібі балық пен кокос жаңғағының дәнін өңдеумен ғана шектелген. Негізгі сауда серіктестері АҚШ пен Жапония елдері. Мұнда ешқандай танымал қазба отындары жоқ. Бірақ мектептер мен балабақшалар күн батареяларынан алынатын энергиямен жұмыс істейді.

Аида Тоқтасынова, экскурсия жасаушы:

– Маршалл аралдары өкінішке орай қатты дамымаған мемлекет болғандықтан, жаңа технологияларды өзімен бірге алып келмеді. Бірақ олар энергия көздерін қолданады. Күн энергиясын соның ішінде өзімен бірге дизайнерлік бұйымдарын алып келген. Бұл бұйымдары кокос ағаштарынан, және ракушкалардан жасалынады.

Хабар 24 телеарнасы