382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британдық турист Қазақстанның басқа қалаларын көру үшін қайта оралмақшы

  • 544

ЕХРО 2017 көрмесінің аяқталуына аз ғана уақыт қалса да, шетелдік туристер Астанаға әлі де келіп жатыр.

Шараға қатысқан британиялықтардың көрген-білгендеріне таңырқағандары соншалық, Қазақстанның басқа да қалаларын тамашалау үшін қайта оралғылары бар. Зохиб Мухаммад Астанадағы ЕХРО 2017 көрмесіне Уорик университетінде бірге оқып жатқан қазақстандық досы Мирас Нұрәліұлының шақыруымен келген. Зохиб бастапқыда көрген дүниелеріне таң-тамаша болатындығына сенбегендігін айтады. «Астанаға келісімен-ақ заманауи керемет ғимараттарға тәнті болдым», – дейді ол.

Зохиб Мухаммад, турист:

Мен көптеген павильондарда болдым. Әсіресе Германия есімде сақталды. Басқа елдер де жаңғырмалы энергияға қатысты бастамалары арқылы ерекшеленіп тұрды. Сондай-ақ осы бағытта не істеліп жатқанын білу үшін қазақстандық павильонды да көргім келді. Мен шынымен де алдағы уақытта Қазақстанға қайта оралғым келеді.

Хабар 24 телеарнасы