382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО 2017: Мысыр, Африка және Түркия павильондары келушілер көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

  • 473

Тамыздың 21-27 аралығында ЕХРО көрмесін аралауға 347 мың 130 қонақ келді.

Яғни халықаралық шараны күніне 49 мың 590 адам тамашалаған. Жалпы көрме басталғалы 3 млн 127 мыңға жуық кісі мұнда бас сұғыпты. Ал Мысыр, Африка және Түркия мемлекеттерінің павильондары келушілер көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Таиланд пен Әзербайжан елінің плазалары. Ал ең танымал нысандардың қатарында «Нұр-Әлем» және коммерциялық павильон мен «Шелл» балалар зертханасы бар.

Хабар 24 телеарнасы