412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-ның Астанадағы мәдени күндері «Қазанатта» жалғасты

  • 699

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Жиналған қауым қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу секілді ойындарға қатысты. Құсбегіліктің қыр-сырын меңгергендер де өз өнерін паш етті. Ат құлағында ойнайтын шеберлерге де баға берілді. Шараның ашылу салтанатында еліміздің оңтүстік өңірінен шыққан белгілі спортшылар сөз алды. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, әлем чемпионы Біржан Жақып, қазақ көркем гимнастикасының жарық жұлдызы Әлия Юсупова, ауыр атлетикадан әлемге танылған Жазира Жаппарқұл көрермендер көзайымына айналды.

Әлібек Нұртаев, ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Жарысымызға Қазақстанның Астана мен Алматы және басқа да облыстарынан спортшылар келіп қатысып жатыр. Жарысқа шет елдерден келген көрермендердің қызығушылығы өте жоғары, бүгін күн соңына дейін жарыс жеңімпаздары анықталып, ЕХРО аясында өтіп жатқан спорт жарысын қорытындылайтын боламыз. Одан бөлек көрермендер арасында қошқар көтеруден де жарысымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы