420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінде ОПЕК күні атап өтілді

  • 793

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы өз тарихында тұңғыш рет ЕХРО-ға қатысу жөнінде шешім қабылдап, Астанада арнайы павильон ашты және ОПЕК күнін өткізуді жоспарлап, сол шара бүгін жүзеге асты.

Қазақстан жағынан сөз алған  Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев ОПЕК пен арадағы байланыстарды тілге тиек етті. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы атынан сөз сөйлеген қоғаммен байланыс және баспасөз бөлімінің басшысы әрі павильон комиссары  Хасан Хамид, Астана экспосы ұйым тарихында қалатынын айта келе ОПЕКтің бұрын соңды мамандандырылған көрме аясында павильоны болмағанын, Қазақстан насихатқа және ынтымақтастыққа мүмкіндік беріп отырған тілге тиек етті. Мұнай өндіруші елдердің шикізатты сыртқа шығар саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 жылы жасалған. 1960 жылы Бағдадтағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, Венесуэла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы ұйым негізін қалады.

Хасан Хамид, павильон комиссары: 

- Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия, Біріккен Араб Эмираттары,Ангола мен Эквадор мүше болып табылады. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет  негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады.  Қазақстанмен де әріптестік негізде жұмыс істеп жатырмыз. Ұйымды насихаттауға мүмкіндік берген Астана ЕХРО ұйымдастырушыларына алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы