422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың Шаньдун провинциясы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

  • 978

100 млн тұрғыны бар Конфуцийдің отаны сауда-экономикалық, мәдени және туризм салалары бойынша байланыс орнатуға дайын. Ол үшін қытайлықтар EXPO көрмесіне арнайы келіп, өз өңірін таныстырды. Бірқатар келісімшартқа да қол қойылды.

Шаньдун провинциясы. Халқы 100 млн. Ішкі жалпы өнімі былтыр 1 трлн доллардан асты. Бұл адам басына шаққанда 10 мың америкалық ақша. Экономикалық көрсеткіштер бойынша Қытай ішінде екінші орында тұр. Туристік қаласы Циндао. Индустриялды орталығы Дуньин. Жоғары технологиялар дамыған шаһары Циньян. Көрші мемлекет Шаньдун аймағын таныстырып, жаңа байланыс орнату үшін ұсыныстар жасауға EXPO көрмесіне арнайы келіп отыр.

Емь Ян, мұнай-құрылыс технологиялық компанияның аға сарапшысы:

– Біздің компания қазақстандық нарыққа 2015-жылы кірген. Ол кезде біз теңіз суын тұщыландырумен айланыстық. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында күн электр станциясын салып жатырмыз. Бірақ біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Жасыл энергетика және инфрақұрылым салалары бойынша кез келген бизнеспен әріптестік орнатуға дайынбыз.

Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің отаны саналатын бұл аймақ Қазақстанмен сауда-экономикалық, мәдени һәм туризм салалары бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Ол үшін бүгінгі шарада бірқатар келісімшартқа қол қойылды.

Айдын Байеділов, Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры:

– Біз қол қойған келісімдер қазақстандық тауарлардың импорты мен экпорты, IT бойынша ынтымақтастық орнатуды көздейді. Бүгінгі шараға үш облыс әкімінің орынбасары қатысып отыр. Олар да қытайлықтармен байланыс орнатуға ниетті.

Шаньдун өкілдері EXPO көрмесінің аясында Астана мен Алматы қалаларында он шақты іс-шара өткізбек. Осылайша Күн асты елі «Бір белдеу-бір жол» Жібек жолының бойында жатқан мемлекеттермен қарым-қатынасты тереңдетуді көздеп отыр.

Авторлары: Ж.Біркенов және Н.Базаров 

Хабар 24 телеарнасы