423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесі кезінде ғарыш қаласында туристер саны артқан

  • 719

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі – еліміздің туристік әлеуетін арттырғаны рас. Елордадан бөлек өңірлерде ғылыми-өндірістік жетістіктерімен қатар әсем табиғаты және ұлттық құндылықтарын паш етуге мүмкіндік алды. Осы ретте жаһандық шараны тамашалауға келгендердің 5 мыңдайы жер кіндігі Байқоңырға арнайы ат басын бұрыпты.

Ғылыми прогресс пен озық технологиялардың тоғысқан орталығы саналатын жұлдызды қалашықтың ғарыштық нысандары келушілерді ерекше  қызықтырған. Қазір Байқоңырдың тартымдылығын арттыру мақсатында инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды.       

Константин Бусыгин, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы:

– Біз Байқоңырды өмір сүруге ыңғайлы, көрікті, жайлы етудің жоспарын жасап шықтық. Жақын уақытта қала көгілдір отынға қосылады. Қазақстан тарапынан жылу және су жүйелері жаңғыртылады. Соңғы 10 жылда бірде-бір құрылыс жүргізілмеген Байқоңырда 6 жаңа тұрғын үй бой көтереді. Қалада мейман қабылдай алатын 3 қонақүй бар. Қызмет көрсету саласын жақсартып, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуды қазақстандық тараппен бірге жүзеге асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы